15 қазанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылға арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасының 85-тармағын іске асыру мақсатында онлайн-кеңес өткізді. “Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет”арнайы жобасы аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар талқыланды.
Мәдениет мекемелерінің басшылары өз сөздерінде есеп беріп, Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламаны іске асырудағы іс-қимылын қолдады.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры өз қызметінде қазақстандық мәдениетті ілгерілету бойынша бағыттарды жүзеге асырады.