13 шілде-Қазақстанда короновирустан қайтыс болғандарды аза тұтудың жалпыұлттық күні.
“Індет көрнекті адамдардың өмірін қиды. Ресми ақпараттардың артында жүздеген отбасылардың қайғылы оқиғалары жатыр: біреу әкесінен, анасынан, ағасынан, әпкесінен, ұлынан және қызынан айырылды. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін ортақ қайғы. Сондықтан мен 13 шілдені пандемия құрбаны болған қазақстандықтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Осы күні қай жерде болмасын, әрқайсымыз кеткендерді құрметтейтінімізге сенімдімін”, — деді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекеттік Республикалық академиялық корей театрының ұжымы жақын адамдарынан айрылған жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Ауыр аурумен емделетіндер – күш пен тез қалпына келу! Құрметті медицина қызметкерлері-шыдамдылық пен өмірлік қуат! Біз сіздердің құтқарылған өмірлеріңіз бен көрсеткен батырлықтарыңыз үшін өте ризамыз!
Құрметті қазақстандықтар, сақ болыңыздар, карантинді сақтаңыздар. Біз бүкіл әлем үшін осы қиын кезеңді бірге жеңеміз.