Алматы қаласындағы Республика Сарайында Корей мәдениетінің фестивалі болып өтті.
Бұл шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Корея Республикасына жасаған ресми сапарының құрметіне орай өткізілді. Фестивалді Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырды.
Фестивалға Республикалық мемлекеттік академиялык корей театры қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Театр әртістері көрермендерге корей өнерінің дәстүрлі құндылықтарынан құралған бағдарламаны ұсынды!